Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жол полициясының командирі пара алғаны үшін 2,8 миллион теңге төлейді

05 Мамыр 2014, 15:18
0

Павлодар облысының ішкі істер департаментіне қарасты жол-патрульдік полициясының рота командирі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Павлодар облыстық департаментіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, жол-патрульдық қызметтің лауазымды тұлғасы жеке меншік фирмалардың бірінен Қарабай ауылындағы "Павлодар - Ақсу" көпірінің құрылысына барар жолда жатқан Ленинский кенті арқылы жүріп-өткені үшін 150 мың теңге пара алған. Онымен қоймай, құрылыспен айналысқан фирмадан ол ақшаны ай сайын төлеп тұруды талап еткен. Тергеу кезінде парақор полицейдің бұл қылмысқа өз қызметтестерімен бірге барғаны анықталды.   

"Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Ал күдікті азамат 2,8 миллион теңге көлемінде кепілзат төлеуге міндеттелді", - делінген ресми хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай