Жоламанов ісі бойынша сотталушы сотта жылап жіберді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сотталушы Қайрат Балмағамбетов тараптарды қатар тыңдау кезінде сөз сөйледі. Судьяға өзінің толық өкінетінін айтып, қандай жаза болса да өтеуге дайын екенін айтқан ол жылап жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сотталушы Қайрат Балмағамбетов тараптарды қатар тыңдау кезінде сөз сөйледі. Судьяға өзінің толық өкінетінін айтып, қандай жаза болса да өтеуге дайын екенін айтқан ол жылап жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптарды тыңдау кезінде сотталушы Балмағамбетов өз сөзін көңіл-күйге ерік бермей айта алмады. Ол кейбір түсініктердің оған барлық кінәні өзіне алуына мәжбүрлегенін түсіндірді. "Мен өзімді өзім өлтіремін деп дайындалдым. Шын мәнінде, қамалған күні мен барлық ақшаны өзім үшін жинадым деп айттым. Кейін уақытша ұстау изоляторында ойлануға уақыт болды, камерада жалғыз отырдым. Мені ешкім ұрған жоқ, менің тарапыма ешкім жаман сөз айтпады. Келесі күні өзімді өзім өлтіремін деп шешім шығардым. Аяушылық сұрап отырғаным жоқ, шынымды айтып отырмын", - деді Балмағамбетов.  

Бірақ ол туыстарымен кездескен кезде бұл ісінің сатқындық болатынын түсініп, соңына дейін барғысы келген. "Жоламановты ұстайды дегенге сенбедім. Оның кінәсін дәлелдеу мүмкін емес деп ойладым", - деп мәлімдеді Балмағамбетов.

Оның айтуынша, ол кінәлі және қандай жаза болмасын көтеруге дайын. "Бұл істі көптеген офицер, әскери бақылап отыр, сондықтан осы мысал оларға үлгі болса екен деймін", - деді де ол жылап жіберді. 

"Мен соңғы уақытқа дейін сенбедім (...) Мен шындықты қаладым, әділдікті. Шын мәнінде, тәртіпті және адал адамдар көбірек, бірақ адалдық пен тәртіп жүрген жерде сыпайылық бар. Мұндай адамдар айғайлап, сыйлықтарын жұрттың алдына көрсетпейді. Адал қызмет етіп жатқан барлық офицерден өз ісім үшін кешірім сұрағым келеді. (...) Тағдыр осылай болды, Жоламановтың айдауына түстім, онымен бірге заңбұзушылықтарға бардым. Оның ұйымдасқан қылмыстық тобының "бұрандасы" болдым. Қандай болмасын, жаза көтеруге дайынмын, бірақ егер мүмкіндік босла ҚК 65-бабын қолдануды сұрар едім", - деп мәлімдеді сотталушы. 

Соттың бұған дейінгі отырыстарының бірінде Балмағамбетов өзін жайсыз сезініп, жүрек тұсы ауырып, ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты тараптарды тыңдау кейінге қалған еді.  

Балмағамбетов соңғы сөздерінің бірінде кінәсін мойындап, қандай болмасын жазаны көтеруге дайын екенін тағы да айтты. Нұрлан Жоламанов соңғы сөзінде кінәсін мойындамайтынын жеткізді. "Мен қайталап айтқым келеді - мен әскери адаммын, әскерде 17 жасымнан қызмет еттім. Мен әскери адам ретінде тәрбие көрдім. Бүгін менің үстімнен жала жабылды, өздерінің ұяты білсін. Мен халқым мен отаныма қызмет еткен адам болғанмын, адам болып қаламын да", - деді Жоламанов. 

26 ақпан күні тараптарды тыңдау кезінде прокурор Кемел Шаяхмет Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, ірі көлемде пара алғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айыруды, ал сотталушы Қайрат Балмағамбетовті қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған болатын. 

Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні Астанада ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы басталған еді. Істің бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Айып бойынша Жоламанов 300 мың доллардан астам пара алған, ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр.

Оның алдында сотта Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro