Жомарт Ертаевтың соты Алматыда өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жомарт Ертаевтың соты Алматыда өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін 12 желтоқсанда Алматыдағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта алдын ала тыңдалымдар басталды.
"Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Жомарт Ертаевтың ісі қаралып жатыр. Судья - Роман Селицкий. Бүгін алдын ала тыңдалымдар өтеді", - деді сот өкілдері.
Еске салайық, былтыр Жомарт Ертаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды. Аталған бап бойынша ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол 2018 жылы 15 қарашада Мәскеуде ұсталып, қамауға алынды. Қазақстандық кәсіпкер босқын мәртебесінен айырылды. Ресейдің Бас прокуратурасы 2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанның құзыретті органдарына кәсіпкерді беру туралы шешім қабылдады. Адвокаттар қамауға шағымдануға тырысты, бірақ сот шешімді күшінде қалдырды. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Жомарт Ертаевты Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
"Жомарт Ертаев 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта "Bank RBK" АҚ-да қызметтік бабын асыра пайдаланып 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді", - деді Бас прокуратура өкілдері.