Жемқорлыққа бой алдырып, ішкен-жегені желкесінен шыққандардың қатары күн өткен сайын артса да, қаржы жымқырған шенеунік саны азаймай тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облыстық прокуратурасы осындай тағы бір ірі қылмыстың бетін ашты. Бұл жолы қармаққа аудандағы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы ілігіпті. Мемлекеттік сатып алу кезінде әлгі шенеунік жөндеу жұмыстарына бөлінген қомақты қаражатты қалтасына басқан. Қолда бар қаражатты оңды-солды жұмсаған жемқор басшы үш бірдей ауылды қан қақсатқанға ұқсайды. Нақтырақ айтсақ, бюджеттен бөлінген ақша жоспарға сәйкес Сандықтау ауданы Мәдениет ауылындағы мәдениет үйін, Меньшиковка селосындағы ауыл клубын, Сандықтау селосының жанынан аққан Жабай өзеніндегі аспалы көпірді жөндеуге тиісті болыпты. Осыған сәйкес 2013 жылдың 16 және 22 шілде күндері Сандықтау ауданы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен жеке кәсіпкер Ждановтың арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Жұмыстың жалпы құны 3 миллион теңгеден асқан. Алайда, бөлінген қаржының жартысын қалтасына басқан бөлім басшысының міндетін атқарушы Шевченко мырза жөндеу жұмыстарына тек 2 миллион теңге қаражатты ғана шығындауды жөн санаса керек. Тексеріс барысында тараптар 2013 жылдың 22-29 шілдеге дейін аталған нысандарда жұмыстардың аяқталғаны туралы актіні де толтырып үлгерген. Алайда, прокуратуралық тергеу жұмыстары кезінде 2013 жылдың 6 тамызында аспалы көпір жұмыстарының тіпті басталмағаны да анықталды, - дейді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Аққу Мүрсәлімова. Сөйтіп, тергеу жұмыстары барысында аудан әкімінің өз жұмысына салдыр-салақ қарағаны туралы прокурор ұсынысы шығарылса, бөлім басшысы Шевченко қызметтік міндетіне сәйкес еместігі жөнінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жемқорлыққа бой алдырып, ішкен-жегені желкесінен шыққандардың қатары күн өткен сайын артса да, қаржы жымқырған шенеунік саны азаймай тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облыстық прокуратурасы осындай тағы бір ірі қылмыстың бетін ашты.
Бұл жолы қармаққа аудандағы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы ілігіпті. Мемлекеттік сатып алу кезінде әлгі шенеунік жөндеу жұмыстарына бөлінген қомақты қаражатты қалтасына басқан.
Қолда бар қаражатты оңды-солды жұмсаған жемқор басшы үш бірдей ауылды қан қақсатқанға ұқсайды.
Нақтырақ айтсақ, бюджеттен бөлінген ақша жоспарға сәйкес Сандықтау ауданы Мәдениет ауылындағы мәдениет үйін, Меньшиковка селосындағы ауыл клубын, Сандықтау селосының жанынан аққан Жабай өзеніндегі аспалы көпірді жөндеуге тиісті болыпты.
Осыған сәйкес 2013 жылдың 16 және 22 шілде күндері Сандықтау ауданы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен жеке кәсіпкер Ждановтың арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Жұмыстың жалпы құны 3 миллион теңгеден асқан. Алайда, бөлінген қаржының жартысын қалтасына басқан бөлім басшысының міндетін атқарушы Шевченко мырза жөндеу жұмыстарына тек 2 миллион теңге қаражатты ғана шығындауды жөн санаса керек.
Тексеріс барысында тараптар 2013 жылдың 22-29 шілдеге дейін аталған нысандарда жұмыстардың аяқталғаны туралы актіні де толтырып үлгерген. Алайда, прокуратуралық тергеу жұмыстары кезінде 2013 жылдың 6 тамызында аспалы көпір жұмыстарының тіпті басталмағаны да анықталды, - дейді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Аққу Мүрсәлімова.
Сөйтіп, тергеу жұмыстары барысында аудан әкімінің өз жұмысына салдыр-салақ қарағаны туралы прокурор ұсынысы шығарылса, бөлім басшысы Шевченко қызметтік міндетіне сәйкес еместігі жөнінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.