28 ақпан 2014 | 13:48

Жойқын көлік апатына жол берген полицей мас болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©LAFA.KZ ©LAFA.KZ

Астанада қараша айында ірі жол-көлік оқиғасын жасаған полицей сол кезде рульге мас күйінде отырған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова хабарлады. "Сараптамаға сәйкес, Mercedes автокөлігінің жүргізушісі алкогольден мас күйде болған", - дейді Тengrinews.kz редакциясына үш айдан соң жауап қайтарған Қылышбекова. Оның мәліметінше, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полициясы полкының қызметкері, полиция сержанты Тасыбаев ішкі істер бөлімінде 2012 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеген. Жол-көлік оқиғасы болған кезде ол еңбек демалысында жүрген. Құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасағаны үшін ол өткен жылдың желтоқсан айында жұмыстан шығарылыпты. Тасыбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталды. Материал қаңтар айында Астананың Алматы аудандық №2 cотына жолданған. Mercedes автокөлігінің артынан қатты жылдамдықпен келе жатқан тағы бір көліктің жүргізушісі анықталды, ол - Астананың 1991 жылы туған тұрғыны. Софья Қылышбекованың айтуынша, ол қаладағы медицина орталықтарының бірінде жұмыс істейді. Апатты жағдай туғызғаны үшін бұл жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейін тағы бір жол ережесін бұзғаны үшін ол көлік басқару құқығынан жарты жылға айырылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, полицияның бірқатар бөлімшесінің жетекшілері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Еске салайық, өткен жылдың қараша айында сағат 05.00 шамасында Астанадағы Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысында қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes көлігі BMW-7-ні соққан еді. BMW-7 көлігінде де полиция қызметкері болған, ол осы көліктің жүргізушісіне наркологиялық диспансерге жол сілтеп келе жатқан. Жол-көлік оқиғасынан соңғы екеуі қайтыс болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, кінәлі тұлға 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети