Түркістан облысында жұмысқа орналастырып беремін деп, тұрғындардың 4 миллион ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, ер адам тұрғындардың сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беремін деген ниетпен бірнеше адамнан ақша алған. Жәбірленушілер ешқандай күмән келтірместен қылмыскерге өз қолдарымен ақшаларын әкеліп берген. Қомақты қаржы бергендер оны бір жыл бойы күткен. Ешқандай нәтиже шықпағаннан соң олар Кентау қалалық полиция бөлімшесін арыз түсірген.
"Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқ оларға жалпы сомасы 4 000 000 теңге залал келтірген. Арыз түскен күннен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Жедел түрде тәжірибелі полицейлер арасынан арнайы топ құрылып қылмысты ашуға бағытталған түрлі кешенді әрекеттер атқарылды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар жасы 30-дан асқан, осыған дейін сотты болмаған ер адам ұсталды", - деп хабарлады полицейлер.
Қазіргі уақытта полицейлер тергеп-тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Нақты шешім шығару үшін жинақталған барлық материал толығымен сотқа жолданады.