15 қазан 2014 14:19

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын ақсатқан шенеунік түрмеге отырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nnm.me ©nnm.me

Павлодар облысында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын ақсатып алған бұрынғы шенеунік түрмеге отырудан құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №2 сотына сілтеме жасап.


Павлодар облысында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын ақсатып алған бұрынғы шенеунік түрмеге отырудан құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №2 сотына сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің айтуынша, Павлодар аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің бұрынғы бастығы Асхат Көпешев "Салақтық", "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану", "Қызметтік жалғандық" баптары бойынша айыпты деп танылды. "Соттың үкімімен оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның екі жылы - шартты түрде сынақ мерзімі. Сотталушы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметте кез келген лауазымды иелену құқығынан да айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз хатшысы Мейрамгүл Сүңгібаева. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының іске асырылуын тоқтатқан сотталушы 2013 жылдың қараша айынан бері қамауда отырғандықтан, ол сот залында босатылды.

Өткен жылдың көктемінде Павлодар ауданында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша атышулы тергеу басталған еді. Прокурорлық тексерудің қорытындысы бойынша аудан әкімдігі қызметкерлеріне бағдарламаға бөлінген 600 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік келді. Аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Асхат Көпешев пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істер қозғалды. 2014 жылдың қаңтарында Павлодар облыстық қаржы полициясы тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Атап айтқанда, Павлодар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары 2011-2012 жылдары Көпешевпен алдын ала сөз байласып, "Ақбұлақ", "Балапан", "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламалары аясында бөлінген жалпы сомасы 133,6 миллион теңге болатын бюджет қаражатын жымқырған. 

Еске сала кетейік, Новочерноярка және Набережное ауылдарының тұрғындары "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша берілген баспаналарға қатысты көп шағым түсірген болатын. Олардың айтуынша, пәтерлер адамның тұруына қолайсыз. Төбелер мен қабырғалар гипс картоннан жасалған, ал фанераға бекітілген металл шатырларды жел ұшырып кеткен. Тұрғындар сапасыз құрылыстар құлап кетеді деп қауіптенді. 

Павлодар ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2011-2012 жылдары "Жұмыспен қамту-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 100-ге жуық пәтер сатып алынған, оның 60-ына тұрғындар орналасты. Сонымен бірге, Шақат ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта жеті үй тұрғызылды. 70 шаршы метр ауданы бар пәтерлердің құны бес миллион теңгеге жуық, яғни бір шаршы метрі - 70 мың теңге.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети