14 қаңтар 2018 12:27

Жүрек тұсына төрт рет пышақ ұрған. Танысын өлтірмек болған ақтаулық сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© arnapress.kz © arnapress.kz

Ақтауда танысын пышақтаған азамат 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз кызметiне сілтеме жасап.


Ақтауда танысын пышақтаған азамат 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз кызметiне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағымен  сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта айыпталушының Ақтау қаласында танысын пышақтағаны анықталған.

"Сотталушы Ақтау қаласы, 26-ықшамауданындағы 38-үйдің артында жәбірленушімен арақ ішіп, мастық салдарынан араларында туындаған келіспеушілікті сылтау етіп, өзімен бірге алып жүрген пышақпен жәбірленушінің жүрегі орналасқан кеудесінің сол жақ тұсына 4 рет соққы берген. Сол  кезде сотталушы жәбірленушінің көмек сұрап айғайлаған даусын естіген куәгерге ұсталып қалудан қорқып, оқиға болған жерден қашқан. Алайда аталған куәгердің белсенді әрекеттері салдарынан келесі 39-үйдің алдында сотталушыны полиция қызметкерлері ұстады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргенімен, ол ауруханаға жеткізіліп, дер кезінде дәрігерлердің тиісті көмегі көрсетілуі нәтижесінде тірі қалған.

"Сот айыпталушыға осы қылмысы үшін 11  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети