11 мамыр 2016 | 09:08

Жүргізушіні шапалақпен ұрып, 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nur.kz © nur.kz

Зәр шашқан жүргізушіні шапалақпен ұрып, 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Иконка комментария блок соц сети

Зәр шашқан жүргізушіні шапалақпен ұрып, 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Әйел күйеуінің әділетсіз сотталғанын айтып, БАҚ-тан көмек сұрап отыр. Ашық хаттың мәтінін толықтай келтіреміз: 

"Қоғам мен БАҚ өкілдерінен Жезқазғанның ІІБ жол-патрульдік полициясының полкінің қызметкері, кіші сержант, менің күйеуім Төлеген Игібековті босатуға қол ұшын беруге және әділдіктің орнауын сұраймын. Күйеуім наркологиялық диспансерде өзіне зәр шашқан Қайрат Елубаев есімді мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға сотталған болатын. Ол орта деңгейде мастығы бола тұрып, көлік жүргізгені үшін ұстаған жол-патрульдік полицияның қызметкерлерін осындай бұзақылық жолмен қорлаған.

Оқиға өткен жылдың 3 желтоқсанына қараған түні болған. Күйеуім, кіші сержант Төлеген Игібаев Жезқазғанның ІІБ жол-патрульдік полициясының ротасының полицейі болып жұмыс істеп жүргенде Hyundai Accent маркалы көліктің жүргізушісіне тоқтау туралы белгі береді, себебі көлік себепсіз арлы-берлі жүріп, күдік туғызған. Бірақ жүргізуші мойынсынбады. Күйеуім мойынсынбау дерегін ІІБ кезекші бөліміне хабарлайды, осыдан кейін әріптесімен бірге ереже бұзған адамды қуа бастайды. Оған жетіп алып, көліктен шығуын және құжаттарын көрсетуін сұрайды. Бірақ 30 жастағы Қайрат Елубаев есіктерін құлыптап алып, терезеден сөйлеспекші болады. Келіп жеткен қосымша жасақ оны шығарады. Бірақ жүргізуші полицейлердің ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Үкімнің үзіндісін дәлме-дәл келтіремін: "Полиция қызметкерлері Қайрат Елубаевқа қатысты оны 519 борт номерлі арнайы көлікке отырғызу үшін күш қолданылды".

Олар Қайрат Елубаевты медициналық куәландырудан өткізу үшін наркологиялық диспансерге жеткізеді. 

"Менің күйеуіме қатысты үкіміндегі сөз: "Біз наркологиялық диспансердің территориясына кіріп келе жатқанда, артта отырған Елубаев менің арқамнан тепті, кейін ұмтылып, күртемнен тартып қалды, арнайы киімнің жеңіндегі шевронды жыртты. Менің серігім оны артқы орындыққа итерді. Сонда Елубаев серігім отырған орындықты тепті".

Құқықбұзушы алкотестерге үрлегенде, құрал 4,8 промиллені көрсетті, бұл алкогольдік мастанудың орта деңгейі болып саналады. Бірақ мас күйдегі Елубаев құралдың сынып қалғанын айтып, қан тапсыратынын айтты. Сараптама оның мастығын тағы көрсеткенде, ол дәрігер Сейіт Жақаевты нәтижені өзгертті деп айыптады. Ол оны ғана емес, оның қайтыс болып кеткен ата-анасына да тіл тигізді. Әрине дәрігер өзін ұстай алмай, оның бетінен ұрды. Оларды полиция қызметкерлері ажыратты. Кейін ол зәр тапсыруды шешеді. Әжетханадан зәрі бар құтымен шыққан Елубаев менің күйеуім Төлеген Игібековке қасақана шашып жіберген. Күйеуім оған барып, шапалақпен ұрған. Ал Елубаев оны үркітіп-қорқытумен болған. Дәрігердің кабинетінде видеокамера болған. Елубаевтың өзі бұрын ішкі істер органдарында анықтаушы болып қызмет атқарғандықтан камера жайлы білетін. Жазбадан Елубаевтың қақтығысты қасақана дәлізде ұйымдастырып, кейін камера алдында жәбірленушінің ролін сомдағаны көрінеді - күйеуімнің шапалағына тосқауыл қоймайды, жәбірленуші болып көрінгісі келіп, басын қолымен жабады.

Жүргізуші сол сәтте ұрып-соқты деп арыз жазды, күйеуіме қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылды. 20 сәуірде Жезқазған қалалық сотының судьясы Гүлсара Байкенжинова күйеуімді осы бап бойынша айыпты деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл осы бап бойынша ең ауыр жаза. Ең жеңіл жаза - айыппұл. Судья жүргізуші Қайрат Елубаевты лайықты түрде шапалақпен ұрғанын есепке алмады. Мен екі жасар баламмен қалдым. Жүктіліктің тоғызыншы айындамын.


Төлеген Игібеков жанұясымен.

Жүргізуші Елубаев көлік құралын мас күйде жүргізгені үшін жүргізу куәлігінен 1 жылға айырылды.  

БАҚ-тың араласуынан және оқиғаның қоғамдық бақылауға алынғанынан кейін 27 сәуірде кешкі уақытта Қайрат Елубаев ұсталды. Ал 28 сәуірде ол кепілақымен босатылды. Оған қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылып отыр: 293-бап - "Бұзақылық", 378-бап - "Билік өкiлiн қорлау", 379-бап - "Билік өкіліне бағынбау", 380-баптың 1-бөлігі - "Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру. Бірақ ол кепілақымен босатылды.

Мас күйде көлік жүргізген, күйеуімнің қызметтік киімін жыртқан, орындығын тепкен, зәрін шашқан ер адам қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетеді деген қауіп бар. Күйеуім және оның адвокаты Төлеубай Мусин Қарағанды облыстық сотына үкімнің күшін жойып, оны ақтау туралы апелляциялық шағым түсірді. БАҚ пен қоғамнан заңдылық пен әділдікті қалпына келтіруді сұраймын!".

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети