Сот отырысынан
Бүгін, яғни қаңтардың 4-і күні Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында қалалық мамандандырылған сотында жергілікті журналист, "Орал апталығы-Уральская неделя" газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты өлтіруге оқталған топқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Қылмысты ұйымдастырды делінген бұрынғы ат спорты мектебінің директоры Нұрлан Тахамбетовке ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бабы бойынша (бұзақылық, ауыр дене жарақатын салу, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және адам өлтіруге оқталу) айып тағылуда. Тергеуде анықталғанындай, 2012 жылдың көктемінде ол туған інісі Асхат Тахамбетовке қиқар журналисті сабасына түсіру үшін сенімді жігіттер табуды тапсырған. Арада көп уақыт өтпей Л.Ахмедияров пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыскерлер қолға түсіп, ұзақ мерзімге жазаға кесілді. Н.Тахамбетовке тағылған тағы бір айып – ол 2004 жылы оралдық Аманжолов деген саудагерді соққыға жыққан. "Ол бұл қылмыстық әрекетке қазір қамауда отырған Батыс Қазақстан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Мүсілім Оңдағановтың тапсырмасымен барған. Оңдағанов Аманжоловтан қарызға 5 келі қара уылдырық алып, ақшасын бермей кетіп, ақыры саудагреді соққыға жығуды Тахамбетовке тапсырған" деді сотта мемлекеттік айыптаушы.
Бүгін, яғни қаңтардың 4-і күні Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында қалалық мамандандырылған сотында жергілікті журналист, "Орал апталығы-Уральская неделя" газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты өлтіруге оқталған топқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Қылмысты ұйымдастырды делінген бұрынғы ат спорты мектебінің директоры Нұрлан Тахамбетовке ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бабы бойынша (бұзақылық, ауыр дене жарақатын салу, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және адам өлтіруге оқталу) айып тағылуда. Тергеуде анықталғанындай, 2012 жылдың көктемінде ол туған інісі Асхат Тахамбетовке қиқар журналисті сабасына түсіру үшін сенімді жігіттер табуды тапсырған. Арада көп уақыт өтпей Л.Ахмедияров пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыскерлер қолға түсіп, ұзақ мерзімге жазаға кесілді.
Н.Тахамбетовке тағылған тағы бір айып – ол 2004 жылы оралдық Аманжолов деген саудагерді соққыға жыққан. "Ол бұл қылмыстық әрекетке қазір қамауда отырған Батыс Қазақстан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Мүсілім Оңдағановтың тапсырмасымен барған. Оңдағанов Аманжоловтан қарызға 5 келі қара уылдырық алып, ақшасын бермей кетіп, ақыры саудагреді соққыға жығуды Тахамбетовке тапсырған" деді сотта мемлекеттік айыптаушы.