04 тамыз 2016 09:59

Журналистер зорланған әйел жатқан түрменің сұмдығын ашты

© stav.aif.ru

Алматыда атышулы Слекишина зорланған түрменің тағы былықтары шығып жатыр. Алматыдағы 155/18 мекемесінде зорланған келіншектер біреу ғана емес екен. Бұған дейін жазасын өтеуші Наталья Слекишина дәл осы абақтыда 4 бірдей түрме қызметкерінің жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін мәлімдеген еді. Сол кезде әйел жүкті болып, қыз туған. Жақында осы іске қатысты жасалған сараптама Слекишина айыптағандардың бірінің нәрестенің әкесі екенін тайға таңба басқандай көрсетіп берді. Сөйтсек, бұл темір тордың арғы жағындағы былықтың шегі емес екен. Бүгін қоғам белсенділері тергеу абақтысындағы қызметкерлерден қорлық көрген тағы 2 әйел туралы айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram