04 тамыз 2016 09:59

Журналистер зорланған әйел жатқан түрменің сұмдығын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stav.aif.ru © stav.aif.ru

Алматыда атышулы Слекишина зорланған түрменің тағы былықтары шығып жатыр. Алматыдағы 155/18 мекемесінде зорланған келіншектер біреу ғана емес екен. Бұған дейін жазасын өтеуші Наталья Слекишина дәл осы абақтыда 4 бірдей түрме қызметкерінің жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін мәлімдеген еді. Сол кезде әйел жүкті болып, қыз туған. Жақында осы іске қатысты жасалған сараптама Слекишина айыптағандардың бірінің нәрестенің әкесі екенін тайға таңба басқандай көрсетіп берді. Сөйтсек, бұл темір тордың арғы жағындағы былықтың шегі емес екен. Бүгін қоғам белсенділері тергеу абақтысындағы қызметкерлерден қорлық көрген тағы 2 әйел туралы айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Тілшілердің мәліметінше, тергеудегілерге көресіні көрсетіп келген 155/18 мекемесіндегі қызметкерлер әйелдерді зорлап қана қоймай, жеңгетайлықпен айналысыпты. Яғни абақтыдағы келіншектерді сырттан келгендердің қойнына салып беріп отырған. Бұл осы мекемедегі қалыптасқан жүйе екен. Темір тордың ар жағындағы былық туралы бүгін қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар мәлімдеді.

"Жеңгетайлықпен айналысқан, келістіріп. Бір әйел емес, екі әйел емес. Ішінде орыс қыздар бар, қазақ қыздар бар. Оларды мәжбүрлеген. Кейбіреулері босанып алған", - дейді адвокат Айман Омарова.

Ал қарсылық білдіргендерге қоқаң-лоққы көрсеткен. Қазір қапастағы жыныстық мәжбүрлеуден кейін еріксіз түрде балалы болған екі әйел белгілі.

"155/18 мекемесі жезөкшелер үйіне айналған. Яғни қызметкерлер жыныстық қатынасқа түскісі келген әйелдерге белгілі бір көлемдегі ақшаға кездесу ұйымдастырып береді. Мұндай әрекетке мәжбүрлі түрде баратындар да жетеді. Сондай 2 әйелмен өзім тілдестім. Түрмедегі қорлықтан кейін балалы болған олар жақында сотқа шағым түсірмек", - дейді "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті Мариана Гурина.

Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері құйтырқы әрекеттерін жалғастыра беруі де мүмкін еді. Бұл мекемеге қатысты шу 32 жастағы жазасын өтеуші Наталья Слекишина арнамызға көрген қорлығын айтып бергеннен кейін әшкереленіп отыр. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын. Алайда қажетті дәлел бола тұра, іс шала жүріп жатыр екен.

"Әділетті болып жатыр деп айта алмаймыз. Себебі, прокуратураның қолдаған айыптау акті бойынша жалғыз ғана Хәкімовті сотқа беріп отыр. Екіншіден, жалғыз өзі 1-2 рет зорлады деген. Басқа адамдарды олар сотқа жіберіп жатқан жоқ", - деді адвокат Айман Омарова.

Яғни, Слекишинаны зорлады делініп отырған тағы үшеу бостандықта жүр. Ал баланың әкесі болып шыққан азамат қазір өзі жұмыс істеген осы мекемеде отыр. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети