19 желтоқсан 2018 10:01

Жүздеген алматылық алаяқ компанияға жем болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алаяқ компанияның өкілдеріне имандай сенгендер оларға салған миллиондаған қаржысын қайтара алмай, әлек болып жүр. Алданғандардың арасында зейнеткерлерден бастап, балалары сау ауруына шалдыққандар да бар. Олардың әрқайсы қулардың қолына 3 миллион теңгеден санап беріпті. Бұл туралы "Еуразия Бірінші арнасы" телеарнасы хабарлады.


Алматыда алаяқ компанияның өкілдеріне имандай сенгендер оларға салған миллиондаған қаржысын қайтара алмай, әлек болып жүр. Алданғандардың арасында зейнеткерлерден бастап, балалары сау ауруына шалдыққандар да бар. Олардың әрқайсы қулардың қолына 3 миллион теңгеден санап беріпті. Бұл туралы "Еуразия Бірінші арнасы" телеарнасы хабарлады.

Алаяқтар оларға бұл ақшаға ай сайын 35 пайыз үстеме қосылады деп уәде беріпті. Жоспарлары жүзеге асқандар кеңседен-кеңсе ауыстырып, тұтқаларын көтеруді қойған.

"Мен 3 миллион ақша салғанмын. Ол процентімен 6-7 миллион болып тұр. Бірақ офисті жауып тастаған, өздері телефонға жауап бермейді. Бұл ақша күнделікті түсіп тұр", - дейді алданған алматылық Ханзада Райымқұл.

Батпан құйрықтың жарнамасына иланған әжей қала сыртындағы үйін сатып, бірнеше айдың ішінде оны еселеп алу үшін көктемде 3 миллион теңгесін "Смартбет" компаниясына санап беріпті. Қазір пайыздық үстемесін айтпағанда, салған ақшасын ала алмай жүр. Өзі болса, пәтер жалдап күнелтуде екен.

"Пол Казахстана кіріп кеткен. Өйткені, мұның рекламасы қатты жүрді ғой. Біздерге брошюраларды раздавали. Листоктарды тапсырды 35 проценттен аласыңдар деп. Мұндағы менің ойым, ақшамды салып көбейтіп аламын деп ойладым да", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ханзада Райымқұл.

Ал алданып қалған тағы бір қала тұрғыны - Бақкелді Күдербаев науқас балалары бар бауырын да осы компанияға қаржы салуға үгіттепті. Себебі, бұдан бірнеше жыл бұрын дүниеге келіп, сал ауруына шалдыққан үшемдерін емдетуге керекті қаржыны көбейтіп алсын деген ойы болыпты. Ағасының сөзін жерге тастамаған інісі балалардың еміне деп жинаған 3 миллион теңгесін осы мекемеге салыпты. Ал, ант-су ішкен "Смартбет" компаниясының өкілдері тіпті кепілдеме берген көрінеді.

"Салар кезде мен олардан сұрадым: бізде осындай ақша, өте қиын жағдай, сіздер бізге көмектесе аласыздар ма деп. Мына договорлдарыңыз бізге действовать етпей-ақ қойсын. Олар "иә" деп уәделерін берген кезде біз ақшаны салдық", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Бақкелді Күдербаев.

Ал, компаниядағылар болса қарашаның 10-ы күні жұрттың салған ақшаны қайтарулары тиіс болған. Ол уәделерін орындай алмағасын, 5 желтоқсанда міндетті түрде ақшаларыңды қолдарыңызға аласыздар деп сендірген. Тіпті, қолхат та беріпті. Алайда, межелі уақыт жеткенде не ақша, не жауап жоқ. Қоңырау соқса тұтқаны ешкім көтермеген. Ал, Бақкелдінің бауыры амалы таусылғасын қарызданып-қауғаланып жүріп, науқас балаларын алып 5 күн бұрын Қытайға аттаныпты.

Алданғандардың айтуынша, аз уақытта қарық қыламыз деген компанияға 2 мыңға тарта адам ақша салған көрінеді. Қазір аталған компания өкілдері кеңселерін ауыстырып, өз салымшыларына жауап беруді доғарған. Ал кеңсенің бір айға ғана жалға алынғаны кейін белгілі болып отыр.

"Болған. 16 октябрь күні кеткен. 11-қабатқа баруға қазір безполезна" Компанияның екінші кеңсесіне де барып көрдік. Бірақ, ішінде тірі жан жоқ. тақырға отырғандарын енді ғана түсінген тұрғындар полицияға шағым түсірген. Салымшылардың ақшаларын алып, шетел асып кетпей тұрғанда тәртіп сақшылары шара қолданса деп үміттенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети