Қостанай облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың мүшесі Эльбрус Набиевке қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кәсіпкердің жеке мүддесіне қатысты ақпаратты таратамыз деп қорқытып, ірі көлемде ақша бопсалаған бес жігіттің бірі - 1979 жылы туылған Эльбрус Набиев 8 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот Набиевті ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігінің "а", "в" тармақтары және 181-баптың 4-бөлігінің "в" тармағы бойынша айыпты деп таныды.
Еске сала кетейік, оқиға 2012 жылы қарашада болған еді. Үш ағайынды мен тағы екі жігіт кәсіпкердің жас қыздардың жыныстық қызметіне жүгінетінін біліп, оны жария етеміз деп қорқытып, ақша талап етуге келіскен. Сөйтіп, кәсіпкерді өзінің пәтерінде қыздармен кездесуі кезінде бейнетаспаға түсіріп, сол арқылы оның жеке өміріне қатысты ақпаратты таратпау үшін қомақты қаржы талап ету жоспарын құрған.
Олар жоспарды жүзеге асыру үшін кәмелетке толмаған қызды пайдаланған, кәсіпкерге телефон арқылы хабарласып, оның үйіне қыз әкелуге міндетті болады. Олар 2012 жылдың 18 қарашасында сағат 13.00 шамасында кәсіпкермен хабарласып, келісіп, оның үйіне кәмелетке толмаған балалар үйінің тәрбиеленушісін алып келген. Жігіттер қызға кәсіпкермен жеке қалғанда сыртқы есікті ашық қалдыруы керектігін ескерткен. Қысымнан қорыққан қыз бұған келісімін берген.
Кейін бастарына көз саңылаулары бар бетперде киген бес жігіт кәсіпкердің пәтеріне кіріп, оған тиесілі 5 мың рубльді, 1 мың еуроны, 200 мың теңге мен 60 мың АҚШ долларын ашық түрде тартып алған.
Айта кетейік, бұл қылмыстық іс бойынша 2013 жылдың 19 қыркүйегінде қылмыстық топтың бір мүшесі Артур Хиромагомедов ерекше тәртіптегі колонияда 11 жыл 6 айға, Ислам Мамедов қатаң тәртіптегі қолонияда 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген болатын. Ал қылмыстық топтың тағы екі мүшесінің тұрғылықты жерлері анықталмағандықтан оларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске алынған.
Ал кәсіпкерге қатысты іс жабылып, қыздың кәмелетке толмағанын білмегені анықталды. Сонымен қатар, облыстық балалар үйіне қатысты бұйрық шықты. Сот кәсіпкерге келген моральдық залалды 300 мың теңгеге бағалады.