Сотталған трансгендер-қыз Виктория Берікходжаева колония қызметкерлерінің оны қорлайтынына шағымданды. Бұл туралы адвокат Айман Омарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталған трансгендер-қыз Виктория Берікходжаева колония қызметкерлерінің оны қорлайтынына шағымданды. Бұл туралы адвокат Айман Омарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Виктория Берікходжаева колония қызметкерлері, әкімшілігі және сотталғандар тарапынан да күнде қорлық көреді. Әкімшілік жанжалға жол беріп қана қоймай, өздерінің еркін орындайтын сотталушыларды ынталандырып тұрады. Мұндайларды жазаламайды, оларға өзгелерді "тәрбиелеуге" рұқсат етілген, пышақ ала жүгіруге, қорлауға және тағы басқасын. Виктория Берікходжаева бір кездері жынысын ауыстырып, әйел болған еді. Осыған байланысты оны жыныссыз деп мазақ етеді", - деп жазыпты Айман Омарова Facebook желісіндегі парақшасына.
Сонымен қатар, ол Виктория Берікходжаеваның колония қызметкерлерінің бірінің погонын жұлып алғанын да жазды.
"Виктория өзін бірнеше рет "еркек", "жыныссыз" және тағы басқаша мазақ еткен Б. есімді колония қызметкерінің погонын жұлды. Ол қызметкер погонын жұлып, бас киімін лақтырғанға миы шайқалып кетті деп ойлайды. Ал Викторияның барлық шағым хаттары жолдаған жеріне жетпеген, арнайы бөлім оларды өткізбеген", - деп жазыпты Омарова.
Tengrinews.kz мұрағатынан
Өз кезегінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Берікходжаеваны "қорлық көрмеген" деп жауап берді. Ведомство мәліметінше, әйел Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа ҚАЖД-да жазасын өтеп жатыр.
"Адвокаттың мәліметі бойынша, Берікходжаеваны колония қызметкерлерінің қорлауы туралы ақпарат расталмады. Оны қызметкерлер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттері туралы шағымы қаралып жатыр", - дейді ІІМ ҚАЖД өкілдері.
Виктория Берікходжаева. Сурет: Facebook/Айман Омарова
Сонымен қатар, ведомство өкілдері сотталушы мен колония қызметкерінің жанжалы туралы да пікір білдірді.
"ҚАЖ қызметкері мен сотталушы арасындағы жанжал әкімшілік талаптарын орындамаудан басталған, салдарынан сотталушы қызметкердің погонын жұлып алған. Бұл дерек бойынша бастапқы материал жинақталып, процессуалды шешім шығару үшін Алматы облысы Іле ауданының ІІД-не жолданды", - дейді ведомство өкілдері.
Сонымен бірге, ҚАЖК өкілдері Берікходжаеваның бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылғанын айта кетті. Мұның алдында ҚАЖК өкілдері сотталушының тәртібіне теріс баға берген болатын.
Виктория Берікходжаева (бұрын Кәрімжан Берікходжаев - автор ескертпесі) аса ірі көлемде бопсалау үшін айыпталған. 2017 жылдың наурызында ол ҚР ҚК-нің 194-бабының 4-тарауы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, жеті жылға сотталған еді.