Кабулда мерт болған қазақстандықтың туыстарын алдады деген күдікті Алматыда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулда мерт болған қазақстандықтың туыстарын алдады деген күдікті Алматыда ұсталды Сурет ©REUTERS

Ауғанстанда мерт болған Ерлан Жампейісовтың денесін Қазақстанға алып келмек болғанда марқұмның туыстарын алдады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Берік Әділбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанда мерт болған Ерлан Жампейісовтың денесін Қазақстанға алып келмек болғанда марқұмның туыстарын алдады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Берік Әділбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

1977 жылы туған ер адам өткен аптада Алматыда ұсталды. Ер адам мұның алдында да алаяқтық үшін бірнеше рет істі болған екен. 

"Бұл қылмыстың бетін ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, топ құрамына ҰҚКБ-ның тәжірибелі қызметкерлері кірді. Күдіктінің тұлғасы бірден анықталған, алайда, ол жасырынып жүрді. Дегенмен оның қайда екені анықталып, өткен аптаның аяғында Алмалы ауданының тергеу бөлімінің қызметкерлері оны ұстады", - дейді Әділбеков. 


© Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі

"Күдікті ұсталған күні кешке Қылмыстық-процесуалды кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тұлғасын тексеру кезінде бұл азаматтың алаяқтық үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды, оның алаяқтық әрекетінің құрбаны болған адамдар мұнымен шектелмеуі мүмкін. Осыған байланысты бұл адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен барлық азаматтарды 254 46 08, 254-46-12 телефондары бойынша хабарласуын сұраймыз", - дейді Алмалы ауданы ІІБ-ның басшысы Данияр Меңдібаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Кабулда Intercontinental қонақүйіне жасалған шабуылдан қазақстандық азаматтың қаза болғаны хабарланған еді. 20 қаңтарда кешкі уақытта содырлар Intercontinental Hotel қонақүйіне басып кірген. Tolo News телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости мәліметінше, 18 сағат бойы жалғасқан шабуыл тоқтатылған. Нәтижесінде 126 адам құтқарылған, олардың 41-і шетелдік.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети