09 қазан 2018 | 16:25

ҚАЖК бөлімше басшысының ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арнайы есепке алу бөлімшесінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Лауазымды тұлғаның ұсталған сәті түсірілген видеоны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арнайы есепке алу бөлімшесінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Лауазымды тұлғаның ұсталған сәті түсірілген видеоны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілдерінің ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арнайы есепке алу бөлімшесі басшысының алаяқтық әрекеттерін әшкерелегенін айтты.

"Ол елордадағы дәмханалардың бірінің маңында өзінің көлігінде сотталушыны Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесінен Ақмола облысындағы мекемеге ауыстыру үшін делдал арқылы 2 800 доллар пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл үшін жалпы 6 800 доллар талап еткен - 2,3 миллион теңгеге жуық. Күдікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан жасырынып, заттай дәлелдердің - ақшалардың көзін жоймақшы болды", - деп хабарлады Жанна Бастарова.

Бастарова күдіктінің кінәсін толықтай мойындағанын айтып өтті.

"Соттың шешімімен күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамауына алу туралы шешім шықты. Лауазымды тұлғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталып, айыптау актісімен бірге Астана қалалық прокуратурасына жолданды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети