Сәтжан Ыбыраев пен Петр Афанасенко. ©Maltatoday.com
Мальта сотына Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы күзетшілері Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбыраев Рахат Әлиевке қарсы жазбаша жауаптарын екінші рет ұсынды деп хабарлайды Malta Today. Олар Рахат Әлиев өздерін төрт ай қамауда ұстағанын және зорлық көрсетемін, өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Бұған дейін олар полицияға төрт рет шағымданған. Ыбыраевтың сөзіне қарағанда, Австрияның бұрынғы елшісі оған әйелін тұтқындайтынын, балалары мен жақын туыстарына зиян тигізетінін айтып, қауіп төндірген. "Тергеушілер мен жедел қызметкерлер менен Әкежан Қажыгелдинді тұтқындауға негіз болатын мойындауға қол жеткізу үшін қажеттінің бәрін жасауды тапсырған Рахат Әлиевтің жеке бұйрығы бойынша әрекет ететінін жасырмады", - дейді бұрынғы күзетші. Афанасенко болса, күзетшілер тиісті жауапты беруден бас тартса, "қызыңды есірткіге тәуелді етеміз және зорлаймыз" деп қорқытқанын айтты. Қажыгелдиннің бұрынғы күзетшілерінің айтуынша, Рахат Әлиев 2001 жылы Қажыгелдиннің мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені туралы жалған айғақ беруді талап етіп, оларды өз қолымен ұрған. Ыбыраев пен Афанасенко Мальта сотынан полицияны Әлиевке қарсы тергеуді бастауға мәжбүрлеуді талап етеді. Олардың айтуынша, бұған дейін полицияға төрт рет шағым жасалғанына қарамастан, елдің құқық қорғау органдары қандай да бір әрекет жасаудан бас тартып отыр. Мальтаның Бас прокуратурасы ел полициясының адамдыққа қарсы қылмысты тергеуге құқылы емес екенін мәлімдеген. Күзетшілердің қорғаушыларының айтуынша, Азаптауға қарсы конвенцияға сәйкес, Мальта осы елдің адамды азаптаған резиденттерін жазалау үшін қолдан келгенін жасауы тиіс. Бұл міндеттеме қылмысты аталған елдің аумағынан тыс жасаған азаматтарға да қатысты. Рахат Әлиевтің Мальтада тұруға рұқсаты бар және Австрия азаматшасы Эльнара Шоразованың күйеуі болғандықтан Еуроодақ аумағында еркін қозғалуға құқық алған. Ол Кипр азаматтығын алуды да жоспарлап отыр. Әлиев Қажыгелдиннің күзетшілерінің айыптауларын мойындамайды. Ол Қазақстанда отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені, адам ұрлағаны және басқа да аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сырттай сотталған.
Мальта сотына Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы күзетшілері Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбыраев Рахат Әлиевке қарсы жазбаша жауаптарын екінші рет ұсынды деп хабарлайды Malta Today. Олар Рахат Әлиев өздерін төрт ай қамауда ұстағанын және зорлық көрсетемін, өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Бұған дейін олар полицияға төрт рет шағымданған.
Ыбыраевтың сөзіне қарағанда, Австрияның бұрынғы елшісі оған әйелін тұтқындайтынын, балалары мен жақын туыстарына зиян тигізетінін айтып, қауіп төндірген. "Тергеушілер мен жедел қызметкерлер менен Әкежан Қажыгелдинді тұтқындауға негіз болатын мойындауға қол жеткізу үшін қажеттінің бәрін жасауды тапсырған Рахат Әлиевтің жеке бұйрығы бойынша әрекет ететінін жасырмады", - дейді бұрынғы күзетші. Афанасенко болса, күзетшілер тиісті жауапты беруден бас тартса, "қызыңды есірткіге тәуелді етеміз және зорлаймыз" деп қорқытқанын айтты. Қажыгелдиннің бұрынғы күзетшілерінің айтуынша, Рахат Әлиев 2001 жылы Қажыгелдиннің мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені туралы жалған айғақ беруді талап етіп, оларды өз қолымен ұрған.
Ыбыраев пен Афанасенко Мальта сотынан полицияны Әлиевке қарсы тергеуді бастауға мәжбүрлеуді талап етеді. Олардың айтуынша, бұған дейін полицияға төрт рет шағым жасалғанына қарамастан, елдің құқық қорғау органдары қандай да бір әрекет жасаудан бас тартып отыр. Мальтаның Бас прокуратурасы ел полициясының адамдыққа қарсы қылмысты тергеуге құқылы емес екенін мәлімдеген. Күзетшілердің қорғаушыларының айтуынша, Азаптауға қарсы конвенцияға сәйкес, Мальта осы елдің адамды азаптаған резиденттерін жазалау үшін қолдан келгенін жасауы тиіс. Бұл міндеттеме қылмысты аталған елдің аумағынан тыс жасаған азаматтарға да қатысты.
Рахат Әлиевтің Мальтада тұруға рұқсаты бар және Австрия азаматшасы Эльнара Шоразованың күйеуі болғандықтан Еуроодақ аумағында еркін қозғалуға құқық алған. Ол Кипр азаматтығын алуды да жоспарлап отыр. Әлиев Қажыгелдиннің күзетшілерінің айыптауларын мойындамайды. Ол Қазақстанда отанын сатқаны, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені, адам ұрлағаны және басқа да аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сырттай сотталған.