27 қазан 2015 | 14:26

Қанат Сәдуов: Бұрынғы әйелімді кімнің өртегенін білемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елорда сотында бұрынғы әйелін өртеп жібергені үшін айыпталып жатқан Қанат Сәдуов куәлік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін елорда сотында бұрынғы әйелін өртеп жібергені үшін айыпталып жатқан Қанат Сәдуов куәлік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурордың сұрақтарына жауап бере отырып Сәдуов қылмыстық іске еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ол 25 мамырда қарындасын Бурабайға апарғанын, ол жақтан Астанаға тек 28 мамырда оралғанын айтты. 

"Мен үйге оралған кезде күртемді таба алмадым. Мен мұны кімнің істегенін анықтауым керек болды", - деді Сәдуов. Ол бұрынғы әйелінің өлімі туралы өз анасынан естігенін айтты.

"Мен қатты таңғалдым. Қорыққанымнан өзімді қоярға жер таппадым. (...) Әлеуметтік желілер мен теледидардан өз суретімді көріп, маған іздеу салғандарын білдім. Мен мұны істеген адамды табуым керек болды", - деді Қанат Сәдуов прокурордың сұрақтарына жауап бере отырып.

"Ашық айтайын, бізде органдар әуелі істі жауып, істің мән-жайын кейін анықтайтындықтан, мен мұны кімнің істегенін өзім анықтауым керек болды. Мұны неліктен істегендерін білмедім. (...) Мен ол адамды анықтадым, дегенмен ұстауға уақытым жетпеді", - деді Сәдуов құқық қорғау органдарынан не себепті қашып жүргенін түсіндіре отырып.

Айта кетейік, бүгін сотта бірнеше адам куәлік етті. Жәбірленуші сол кезде оны бұрынғы күйеуінің өртегенін айтыпты.

Қанат Сәдуов болса кінәсін мойындаған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети