Қанат Сұлтанбековке қатысты тергеуді ҰҚК жүргізіп жатыр

28 Ақпан 2017, 19:19
0
Қанат Сұлтанбековке қатысты тергеуді ҰҚК жүргізіп жатыр - Қанат Сұлтанбеков
Қанат Сұлтанбеков

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековты Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматы Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет берілмейді", - делінген ҚР ҰҚК-нің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында. 

Еске сала кетейік, Қанат Сұлтанбековтың қамауға алынғаны жайлы бүгін хабарланған болатын. "Қанат Сұлтанбеков екі ай мерзімге, яғни 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін қамауға алынды. Үкімді Есіл аудандық № 2 соты 18 ақпанда шығарды", - деген еді қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова. Сондай-ақ, осыған дейін "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттігі алдын ала тоқтатылғаны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай