Қаңтар оқиғалары: Бас прокуратура Мәжілісте арнайы видеоесеп жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты Мәжілісте арнайы видеоесеп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты Мәжілісте арнайы видеоесеп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтар тергеудің қалай жүріп жатқанын, адам өлімінің мән-жайын, азаптауға қатысты тергеудің қаншалық объективті жүріп жатқанын білгісі келетінін түсінеміз. Бүгін осы сұрақтардың бәріне жауап беруге тырысамын", - деді бас прокурор Берік Асылов. 

Мәжілісте арнайы көрсетілген видеода қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік хронологиясы көрсетілген. Роликте наразылық шарасы Маңғыстау облысында басталғаны, артынша өзге қалалар қолдау көрсеткені жазылған.

Бас прокуратура мәліметінше, Алматыда 30 мың адам шыққан. 

"Бейбіт митингті лаңкестер өз пайдасына асыруға тырысты. Жолдарға тосқауыл қойылды. Олар халықты арандатып, қылмыстық әрекеттерге итермеледі", - деп жазылды видеода.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети