Қаңтар оқиғасы: азаптау, тұтқындардың өлімі және билікті асыра пайдалану бойынша 133 іс тергеліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандарға қатысты өлім, азаптау және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандарға қатысты өлім, азаптау және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кенебаев заңсыз әрекеттер, соның ішінде азаптау негізінен тергеудің бастапқы кезеңінде болатынын айтты. Оның айтуынша, ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуші немесе жедел уәкілмен жалғыз қалады. Көп заңсыздық осы кезде тіркеледі.

"Ұсталғандардың көбі өз құқығын білмейді, қорғаушылары да жоқ. Көп жағдайда полицейлер осыны пайдаланады. Оның себебі нақты реттелген жұмыс тәртібінің жоқтығында. Қаңтар оқиғасы соның айқын дәлелі", - деді ол Мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Бас прокурордың орынбасары прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптауы және құқығын бұзғаны туралы 250 арыз түскенін айтты.

"Мәселен, биыл 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынын босатты. Бұл факт бойынша арнайы прокурор тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ адам өлімі, азаптау, жәбірлеу фактілері бойынша да істер тергеуде. Ұсталғандарға қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді Кенебаев.

Ерлік Кененбаев тергеудің объективтілігі үшін барлық іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro