Қаңтар оқиғасы: қанша шетел азаматы тергеуден өтіп жатыр?

Қаңтар оқиғасы: қанша шетел азаматы тергеуден өтіп жатыр?

Қаңтар оқиғасы бойынша 19 шетел азаматына қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаңтар оқиғасы бойынша 19 шетел азаматына қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қылмыстық өндіріс бойынша жалпы 19 шетел азаматы бар. Оның ішінде 11-і - Өзбекстан азаматы, төртеуі - Ресейден, екеуі - Қырғызстан, біреуі - ҚХР, біреуі Тәжікстаннан. Бұл адамдар жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін, ұрлық және басқа қылмысқа қатысымен дәрежеленеді. Бірақ бұл түпкілікті мәлімет емес. Тергеу жүріп жатыр. Өзгеруі мүмкін", - деді қылмыстық істерді қадағалау бойынша қызметінің басшысы Серік Шалабаев Мәжіліс отырысында. 

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен басқа да органдар қаңтар оқиғасы туралы есеп беріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети