Қаңтар оқиғасы: қауіпсіздік қызметкерлері өлімінің мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы: қауіпсіздік қызметкерлері өлімінің мән-жайы айтылды Фото ©REUTERS

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған әскерилер мен полицейлер өлімінің кейбір мән-жайын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған әскерилер мен полицейлер өлімінің кейбір мән-жайын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде өлім мән-жайлары анықталып, 176 адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр, деді ОКҚ брифингінде Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

"Олардың ішінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қаза тапқан құқық қорғау органдарының 19 қызметкері бар. Бұл қызметкерлер өлтірілген.

Тәртіп сақшылары өз міндеттерін атқара отырып, жаппай соққыға жығу, көлікпен басу салдарынан немесе оққа ұшып қаза болды. Бұл ретте олар қарусыз болған", - деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимаратын қорғауға қатысқан қарусыз әскери қызметші, подполковник Хаировты өлтіру кезінде ерекше қатыгездік байқалған.

"Оның мәйіті ғимараттың төбесінен табылды. Тергеу азапталған өлімнен кейін қылмыскерлер айғақты жасыру үшін оның денесін өртеп жібергенін көрсетті. 39 жастағы офицердің отбасы және кәмелетке толмаған екі баласы бар", - деді Қилымжанов. 

Ол қазіргі уақытта құқық қорғау органдары "қасіретті қаңтардағы" адам өлімі фактілері бойынша 200-ден аса қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты. Барлық іс бойынша нақты мән-жайды анықтау бойынша шаралар кешені қабылданған. Куә болуы мүмкін он мыңнан аса азаматтан жауап алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети