Қаңтар оқиғасына байланысты қанша адам сотталды?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасына байланысты қанша адам сотталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасына байланысты қанша адам сотталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша 314 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен аяқталғанын айтты.

Сотталғандардың ішінде 156 адам ұрлық жасағандар, 23 заңсыз қару сақтағандар, 7 қару ұрлағандар, 3 тонағандар. Қадағалау органы қабылдаған қаулылардың заңдылығын тексеру нәтижесі бойынша 291 айыпталушы сотқа тартылған.

"Сот бүгінге дейін 96 адамға үкім шығарды, оның сексен сегізіне бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Екі күдіктіге қатысты бір іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді Әділов.

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасын тексеруді және елдегі тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.

"Бүгінде ішкі істер органдарының тергеушілерінде 2120 қылмыстық іс бар, оларда сот санкциясымен 181 адам қамауда отыр. Оның ішінде 115 адам жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасағаны үшін, 23-і қару-жарақты заңсыз иеленгені үшін, 18-і ұрлық жасағаны", - деп қосты Санжар Әділов.

Мәлімет бойынша, жеке басын және сипаттама деректері ескеріліп 242 күдікті қамаудан босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro