Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындық жүрген - Айман Омарова

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындық жүрген - Айман Омарова Видео кадры

Заңгер Айман Омарова Қазақстандағы қаңтар оқиғасына кәсіби дайындалған топтар кем дегенде екі жыл дайындық жүргізгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңгер Айман Омарова Қазақстандағы қаңтар оқиғасына кәсіби дайындалған топтар кем дегенде екі жыл дайындық жүргізгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Омарованың айтуынша, оқиғалар бұдан да ертерек өрбіп, ақпараттық дайындықтан басталған.

"Қаңтар оқиғасына кем дегенде екі жыл дайындалған, дегенмен лаңкестік ұяшықтар бар екені туралы ақпарат бұдан да ертерек тараған. Көбісі мұның бәрі бейбіт митингілерден басталды деп қателеседі. Шындығында, бәрі әлдеқайда ертерек - ақпараттық дайындықтан басталған. Бейбіт митингілер - көзімізбен көргеніміз", - деді заңгер Мәжілісте өткен жалпы отырыста.

Омарова қаңтар оқиғасы ақпараттық дайындық, ақпараттық соғыс және көшедегі оқиғалардан тұратынын айтты.

"Оқиғаларға, БАҚ берген ақпаратқа, қаңтар оқиғасы кезінде қолданылған технологияларға, соның ішінде халықты бақылау технологияларына, халықты жинау, оларды қылмыстық құқық бұзуға бағыттауға сүйене отырып, тәртіпсіздіктерді кәсіби дайындықтан өткен топтар басқарды деп анық айта аламыз. Олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, арнайы қызмет те, қылмыскерлер де бар. Оқиға авторларының іс-әрекеттері, технологиясы кеңестік жедел қызметшілерді даярлау мектебінің іс-қимылдарына өте ұқсас", - деді Айман Омарова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети