25 қаңтар 2022 19:26

Қаңтар оқиғасынан кейін қанша адам қамауда?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Қазақстанның бірнеше облысындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін қанша адамның ұсталып, қаншасы босатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура Қазақстанның бірнеше облысындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін қанша адамның ұсталып, қаншасы босатылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотта қаңтар оқиғасына қатысты 9257 әкімшілік іс қаралды, 4584 адамға сотпен ескерту жасалды.

Қазіргі уақытта прокурорлардың ұсынысы бойынша 1149 адам қамаудан босатылды, 577 айыппұл ескертуге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс құрамының болмауына байланысты қысқартылды. Осылайша, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған 3314 адамның 63-і бүгінде қамауда отыр", - деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, сотта прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдету туралы тағы 13 өтініші қаралып жатыр.

Тергеу-жедел топтардың өндірісінде 2044 қылмыстық іс бар.

"Осы істер бойынша 898 күдікті қамауға алынды. Оның 802-сі соттың рұқсатымен қамауға алынды, 50-і үйқамаққа алынды, - 21-і кепілге, 12-сі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, 13-і әлі де қаралып жатыр", - деді Қилымжанов.

Ол прокуратура органдарына құқық қорғау органдарымен тексеру барысында заңсыз тергеп-тексеру әдістері мен азаматтардың құқықтарының бұзылуына қатысты 109 арыз-шағым түскенін айтты.

"11 шағым бойынша прокурорлардың өздері билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, 10 қылмыстық істі прокуратураның нұсқауы бойынша қылмыстық қудалау органдары тіркеді.

Бүгінгі күні өндірісте 21 іс бар, оның ішінде 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері және бір арнайы прокурор тергеп жатыр. 43 шағым бойынша тексеру жүргізіледі, 22-сі расталмады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети