Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 168 адам сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 168 адам сотталды видео кадры

Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 168 адам сотталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 168 адам сотталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтың айтуынша, қазір тергеушілердің өндірісінде 1090 қылмыстық іс жатыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 165 адам қамауда.

Тұлғаны ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылған. Бұл бірінші рет қылмыс жасап, кінәсін мойындаған адамдар. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабына сәйкес 242 іс жолданып, 229 іс сотқа өткен. Әділовтың айтуынша, олар негізінен ұрлық жасаған - 196 адам, қаруды заңсыз айналымға түсірді деген күдікпен - 39 адам, тонау, ұрлық және ұсақ ұрлық жасады деген күдікке ілінген – әрқайсынан үш адамнан.

"Бүгінге дейін 168 адамды сотталған. Оның ішінде гуманизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып, толық өкіну және келтірілген зиянды өтеу бойынша қабылданған шараларды ескере отырып, 147 адам қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға кесілді. Сотталғандардың кінәсі негізінен қылмыс болған жердегі бейнежазбалар, куәлар мен куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ алынған заттай айғақтармен дәлелденген", - деді Әділов.

Қалған қылмыстық істер өндірісте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети