13 шілде 2022 | 17:49

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековтің ісі прокуратураға қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсылық Шалабеков Жақсылық Шалабеков

Қарағанды облыстық соты Қарағанды әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі прокуратураға қайтарды. Іс материалында қылмыстық іс жүргізуде елеулі заң бұзу анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облыстық соты Қарағанды әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі прокуратураға қайтарды. Іс материалында қылмыстық іс жүргізуде елеулі заң бұзу анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кассациялық сатыға Бас прокуратурадан наразылық келіп түсті. Жоғарғы cоттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қазыбек би аудандық сотының үкімі мен Қарағанды облыстық соты қаулысының күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді. Іс материалдарын зерттеп, Қарағанды облыстық соты қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бұзылғанын анықтады. Облыстық сот баспасөз қызметі мәліметінше, Шалабеков пен Қасеновке қатысты іс бойынша бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу сипатталмаған, бұл қылмыстың объектив жағын құрайды.

"Бастапқыда Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы, сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу айыбы тағылды. Кейін Қазыбек би аудандық соты айыптауды қайта қарастырған. Жақсылық Шалабеков лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін, ал Ермек Сәкеновті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қылмыстық кодекстің 189-бабы диспозициясы кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлауды екі жолмен қарастырады: иемдену немесе жымқыру, яғни заң шығарушы бұл әрекеттерді ажыратады. Шалабеков пен Қасеновке қатысты істе бөтеннің мүлкін ұрлау тәсілі сипатталмаған. Бұл елеулі заңбұзушылық саналады және басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіреді", - деді Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты іс прокуратураға қайтарылған.

Еске салайық, 2021 жылдың 8 маусымында Қазыбек би аудандық соты Жақсылық Шалабековті билігін асыра пайдаланды деп танып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Ермек Қасенов 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

14 маусымда Қазыбек би аудандық соты Жақсылық Шалабековті жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босату туралы қаулы шығарды. Сот құжатында Жақсылық Шалабеков 2020 жылдың 12 қыркүйегінен бері қамауда отырғаны көрсетілген. Ол 13 маусымда шығуы керек еді.

2021 жылдың қыркүйегінде Қарағанды ​​облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети