21 қазан 2022 14:54

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары тағы сот алдына келді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша сот отырысы басталды. Оған Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасенов айыпталып отыр. Экс-шенеунік пен кәсіпкерге қатысты іс материалдарын Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Құтышев қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша сот отырысы басталды. Оған Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасенов айыпталып отыр. Экс-шенеунік пен кәсіпкерге қатысты іс материалдарын Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Құтышев қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Материалдар прокуратурадан келіп түсті. Сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша айып тағылып отыр. Бұл дәл сол бұрын болған бап. Тек жаңа айыптауда ұрлық жасаудың тәсілі көрсетілген. Бұл ақпарат бұрын жоқ болатын. Келтірілген шығын көлемі 120,6 миллион теңге", - деді Қазыбек би аудандық соты өкілдері.

Еске салайық, 2021 жылдың 8 маусымында Қазыбек би аудандық соты Жақсылық Шалабековті билігін асыра пайдаланды деп танып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ, бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Ермек Қасеновты сот 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Үкім жарияланған соң Жақсылық Шалабеков темір тордың ар жағында тура алты күн отырды. 14 маусымда Қазыбек би аудандық соты сотталушыны жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босату туралы қаулы шығарды. Сот құжатында Жақсылық Шалабеков 2020 жылдың 12 қыркүйегінен бері қамауда отырғаны көрсетілген. Ол 13 маусымда шығуы керек болған.

2021 жылдың қыркүйегінде Қарағанды ​​облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қазыбек би аудандық сотының үкімі мен Қарағанды ​​облыстық сотының қаулысын жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберді. Қарағанды ​​облыстық соты іс материалдарын зерделей келе, онда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының бұзылуын анықтап, прокуратураға қайтарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети