2019 жылдың жазында Қарағанды іргесіндегі далада шаруа мен кәсіпкер арасында жанжал шығып, сол жерде ауыл тұрғыны Сапарғалы Мақашов оқ тиіп қаза тапты. Арада 3 жылдай уақыт өткен соң адам өлімімен аяқталған жанжалға қатысушы сот залынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.
2019 жылдың жазында Қарағанды іргесіндегі далада шаруа мен кәсіпкер арасында жанжал шығып, сол жерде ауыл тұрғыны Сапарғалы Мақашов оқ тиіп қаза тапты. Арада 3 жылдай уақыт өткен соң адам өлімімен аяқталған жанжалға қатысушы сот залынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Оқиғаның қалай болғанын осы уақыт аралығында тергеушілер анықтаған. Оқ ер адамның сан артериясына тиіп, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған. Прокуратура мен полиция бұл адам өлтіру екеніне сенімді болды. Алайда сотта іс басқаша өрбіген. Сотта сотталушы адам өлтіру абайсызда жасалған деген қорытындымен босатылды.
Марқұмның туыстары үкіммен келіспейді. Дегенмен, сотталушының өз шындығы бар. Ол өзін қорғағанын айтады.
"Өскенбековтің келгенін, әкеме айғайлағанын, содан кейін тапанша алып, оны атып тастағанын көрсететін екі куәгер бар. Ішкі істер тергеушісі бірден 99-бап қасақана адам өлтіру екенін айтты. Прокуратура да қолдады", - дейді қайтыс болған шаруаның ұлы Жанат Мақашов.
Өз кезегінде сотталушының адвокаттары: кәсіпкер шаруаны өлтіруді ойлаған жоқ деп отыр. Сол күні Сапарғалы Мақашов көлікпен олардың жолын бөгепті. Карабиннен оқ атқан. Бірақ жанжал басталғанда, "күтпеген" жерден тапанша пайда болған.
"Өскенбеков келіп қолынан карабинді жұлып алып лақтырып жіберді. Мақашов жүргізуші орындығы астынан тапаншаны суырып алып шыққан. Өскенбеков дәл осы тапаншаны алу үшін қолын қайырып жатқанда оқ атылған", - деді адвокат Ольга Клейман.
Қорғаушының айтуынша, марқұмның үйінде осы тапаншаны көрген куәгер бар. Алайда шаруамен көлікте болған көмекшісі керісінше айтады. Сот отырысында ол Мақашовтың қолында мұндай қару болмағанын алға тартты.
"Алғашқы мәлімет бойынша, қару тоқсаныншы жылдары Мәскеу қаласының полиция қызметкерінен ұрланғаны анықталды. Прокуратура қару оныкі екенін дәлелдеп отыр, бірақ бірде-бір саусақ ізі жоқ", - дейді шаруаның ұлы.
Сот істі мұқият жүргізгеніне сенімді. Бір ғана тұжырым бар: Сапарғалы Мақашовтың өлімі абайсыздықтан болған.
Кәсіпкер абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін 1,5 жылға, қару сақтағаны және тасымалдағаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы мерзімін тергеу изоляторында өтегендіктен ол сот залында босатылды.
Бірақ Сапарғалы Мақашовтың ұлы жаңа баллистикалық сараптама жүргізуді талап етіп отыр. Ол сот шешіміне қарсылық білдірмек. Үкім күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!