21 қазан 2021 | 09:34

Қарағанды мен Шахтинскіде жұртты шошытқан бұзақы психикалық ауруханаға жатқызылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 5tv.kz © 5tv.kz

Ұзақ уақыт бойы баллоннан газ шашып, өз қаласы мен Қарағанды тұрғындарын үрейлендірген Шахтинск қаласының 41 жастағы  тұрғыны сот шешімі бойынша медициналық мекемеге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұзақ уақыт бойы баллоннан газ шашып, өз қаласы мен Қарағанды тұрғындарын үрейлендірген Шахтинск қаласының 41 жастағы  тұрғыны сот шешімі бойынша медициналық мекемеге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.

Шахтинск тұрғындары жазда газ шашатын адам туралы хабарлады. Бұзақыны "газ маньяк" деп атап кеткен. Ол көбіне жалғызбасты әйелдерге шабуыл жасап, беттеріне газ шашқан.

Кейін Қарағанды тұрғындары осындай деректерге  шағымдана бастаған. Бірде сауда үйлерінің бірінде бірден бірнеше қызметкерге иттерге қарсы құрал қолданған.

Полиция ер адамға ұсақ бұзақылық үшін бірнеше рет айыппұл салды, әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды. Бірақ бұл оны тоқтатпады.

Соңғы оқиға қыркүйек айының басында болған, ер адам автобуста отырғандарға дәрі шашқан, бірнеше адам, оның ішінде 10 жасар бала зардап шеккен. Содан кейін бұзақы ұсталды, бірақ туыстары тарапынан емдетуге келісім алмады.

Азаматтың қоғамға қауіп төндіруіне байланысты полиция ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы шешім қабылдау үшін іс материалдарын сотқа берді. Сот шешімімен ер адам психиатриялық стационарға жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети