19 қаңтар 2017 | 11:17

Қарағанды облыстық Қазынашылық департаментінің басшысы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыстық Қазынашылық департаментінің басшысы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облыстық Қазынашылық департаментінің басшысы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Антикоррупциялық қызмет жемқорлық заңбұзушылықтарды анықтап, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлға әшкере болған.

"ҚР Қаржы министрлігінің облыстық қазынашылық департаментінің жетекшісі Нұрпейісов өз қарамағындағылардан бірнеше рет пара алған. Департаменттің лауазымды тұлғалары жетекшінің орынбасарларының бірі арқылы Нұрпейісовке сыйақыларының 150 мың теңге сомасындағы бөлігін Қаржы министрлігінің орталық аппаратындағы комиссиямен кездесу ұйымдастыру үшін беріп отырған. Департамент басшысы Нұрпейісов өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Осы деректер бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Асқар Нұрпейісов 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалған еді. Асқар Қамзаұлы Нұрпейісов 1975 жылы дүниге келген. Екі жоғары білімі бар. Мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Бұдан бұрын Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарыда түрлі қызметтер атқарған. 

Осыған дейін Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының басшысы Қанат Сәкиевтің пара алғанын мойындағаны хабарлаған.

"Жемқорлық заңбұзушылық анықталды, оның нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлға әшкере болды. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының басшысы Қ. Сәкиев "Денсаулық" ҚР денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында дәрі-дәрмектерді жеткізіп беруге сатып алулар бойынша келісімшартқа кедергісіз қол қою арқылы жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алған", - делінген хабарламада. Сәкиев өз кінәсін толықтай мойындап отыр екен. Осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети