12 мамыр 2015 10:48

Қарағанды облысында 10 тоннадан астам балық тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ria.ru ©ria.ru

Қарағанды облысы ІІД-нің табиғат қорғау полиция қызметкерлері "Уылдырық шашу" жедел профилактикалық іс-шара барысында 10 тоннадан астам балықты тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 11 мамырда Ақтоғай ауданына қарасты Балқаш көліне жақын маңда болды. "Краз" маркалы автокөлікті тоқтатқан ІІД табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері 10 тоннадан астам балықты тәркіледі, оның ішінде берш тұқымдас және алты тоннадан астам көксерке балығы табылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 43 жастағы жүргізуші балықтардың белгілі бір ЖШС-на тиесілі екендігін айтқанымен, балықтарды тасымалдауға арнайы құжаттары жоқ болып шыққан. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, балықты заңсыз аулау және сату көзіне айналдырған тұлғалар іздестіріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети