Қарағанды облысының Балқаш қаласында Орталық мәдениет және демалыс паркі маңынан 14 жастағы оқушы қыздың өлі денесі табылды, - деп хабарлайды қалалық прокуратураға сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Дерек бойынша, жергілікті орта мектептің 8-сынып оқушысының өлі денесін парк маңынан өтіп бара жатқандар тауып алған.
"Сарапшылардың алдын ала келтірген тұжырымы бойынша, қыздың денесінің әр бөлігіне 11 жерден пышақ салынған" дейді прокуратурадағылар. Агенттікке бұл ақпаратты жеткізуші дерек көзі қазір оқушы қыздың өліміне қатысты бір күдікті ұсталып, тергеуге алынып жатқанын да айтыпты.