Қарағанды облысында ер адам 9 жастағы баланы зорлап, кейін тұншықтырып, денесін балконға лақтырып жіберген. Полицейлер ер адамды оқиға орнында ұстады, қазір қылмыстық іс сотқа келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, бұл оқиға 2016 жылдың 13 сәуірінде болған. 53 жастағы сотталушы күні бойы үйде жалғыз отырып, ішімдік ішкен. Кешке тағы бір бөтелке арақ алмақ болып дүкенге барған. Бірақ үйдің есігін жаппай кеткен екен. Содан дүкеннен қайтып келген бойда ол өзінің пәтерінде көрші үйде тұратын 9 жастағы баланы көреді. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, сотталушы көрші баланы ұстап алып, зорлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін ол оны тұншықтырған. Баланың мойнын екі қолымен ұстап алып, жібермей қойған. Бала тынышталған соң, 53 жастағы ер адам оның денесін балконға лақтырып жіберген.
Сол күні көрші үйде тұратын баланың ата-аналары баласын іздей бастайды. Содан олар полицейлерге хабар берген. 14 сәуірде учаскелік полицейлер сотталушының үйіне кіріп, балконға қарай өтпекші болады. Бірақ үй иесі оларға қайшымен бас салған екен. Алайда полицейлер оның қолындағы қайшыны алып қойған.
Айта кетейік, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сот алдына келеді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") мен ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша айыпты деп танылды.