10 ақпан 2023 11:49

Қарағанды ​​облысында алаяқтар зейнеткердің 3,6 миллион теңгесін алдап алып кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысында зейнеткердің 3,6 миллион теңгесін ұрлаған алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында зейнеткердің 3,6 миллион теңгесін ұрлаған алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияға 86 жастағы тұрғын жүгінген. Оған бейтаныс ер адам мен әйел өзін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырып, зейнеткердің жекеменшік үйіне кіріп кеткен. Олар жәбірленушіге қазір ақша белгілерін айырбастау жүріп жатқанын және бүгін соңғы күні екенін айтқан.

Зейнеткер жинаған ақшасын "әкімдік қызметкерлеріне" көрсеткен. Жеке тәртіпте ақша айырбастауға уәде берген алаяқтар әйелдің құжатын, банк картасын суретке түсіріп, кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін зейнеткер өзінің жинақ ақшасын қайта есептеп, 3,6 миллион теңгесі жоғалғанын байқаған.

Құқық қорғау органдары "Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық" бабы бойынша іс қозғады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады: 31 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел. Олар кінәсін мойындады", - деді полицейлер.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети