Қарағанды ​​облысында Антикор қызметкері жол апатын жасап, қашпақ болды деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында Антикор қызметкері жол апатын жасап, қашпақ болды деген күдікке ілінді Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында Жезқазған өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ауданаралық басқармасының аға офицеріне қатысты қызметтік тергеу басталды, ол мас күйінде жол көлік оқиғасын жасады және Жаңаарқа ауданында полициядан жасырынуға әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желілерде тараған видео негізінде Жезқазған өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", - деді Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің мас жүргізушіні қуған және оны ұстаған сәтінің видеосы тараған болатын. Видеодағы жазбада оқиға Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында болғаны, полициядан жасырынуға тырысқан жүргізуші мемлекеттік қызметші болуы мүмкін екені айтылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети