Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін қызғаныштан қылқындырып өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға былтыр қазан айында жолдасының алдауына байланысты туындаған жанұялық жанжалдың себебінен болған. Ер адам әйелін күртешесінің бауымен қылқындырып өлтірген. Нәтижесінде әйелі ауруханада қайтыс болған.
Айыпталушы соттың үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық сотының 99-бабы 1-бөлігімен - "Кісі өлтіру", кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ол жазасын түзету колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіленген. Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ.