Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қарағанды облысында белгісіз ер адам бесінші сынып оқушысын зорлап кетті

06 Маусым 2015, 14:49
0
© Nv.kz
© Nv.kz

Қарағанды облысында белгісіз біреу бесінші сынып оқушысын зорлап кетті, - деп хабарлайды Nv.kz.

Оқиға 5 маусымда Шахтинск қаласындағы Московская көшесінің бойында болды. 10 жастағы қыздың айтуынша, ол әпкесінің үйінде қонақта болған. Оған анасы хабарласып, пәтердің кілтін өзі отырған "Юность" дәмханасына әкеп беруді сұрайды. Қыз әпкесінің үйіне қайтып келе жатқан жолда бұрынғы Ардагерлер үйінің маңында оны белгісіз ер адам қолынан ұстап алады. Ол қызға айқайлама деп ескерткен.

Ер адам қызды зорлағаннан кейін оған өзінің үйіне баруды ұсынады. Қыз оған келіспейтінін айтады, сол кезде ер адам қызды қалдырып кетіп қалады. Жәбірленген қыз әпкесіне келіп болған жағдайды айтып берген. Ол бірден полицейлерге хабар берді. Қазір құқық қорғау органдары қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен Астана тұрғыны ұсталған болатын. Бурабай ауданы тұрғыны полицияға хабарласып, дүкенге кеткен 10 жастағы қызының қайта оралмағанын айтқан. Түнгі уақытта қыз үйге өзі келіпті. Қатты қорқып қалған ол анасына сұмдық оқиғаны айтып береді. Алдын ала болжам бойынша, дүкенге бара жатқан жолда қызды ер адам ұстап алып, зорлап тастаған. Бірнеше сағат бойы Астана тұрғыны қызбен қалада серуендеп, кейін автобуспен келген. Полиция қызметкерлері Астана тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті осыған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай