30 наурыз 2015 | 19:45

Қарағанды облысында болған жол апатынан бір адам қаза тапты және бес адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©auto.gazeta.kz ©auto.gazeta.kz

Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысындағы Сәтпаев пен Жезқазған қалаларының аралығындағы тасжолда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, "ВАЗ-21902 Гранта" автомобилін басқарып келе жатқан қыз тізгінге ие бола алмай қалады да, қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Volkswagen Golf 3 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Иконка комментария блок соц сети

Салдарынан соңғы көліктің жүргізушісі қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті. "Апат болған жерге келіп, "ВАЗ" автокөлігінің Volkswagen автомобилімен соғысқаннан кейін қарсы бағытта тұрғанын көрдік. Volkswagen Golf 3 көлігінің жүргізушісі қаза болды. 1993 жылғы қыз бен екі көліктегі төрт жолаушыны біз Жезқазғандағы ауруханаға жеткіздік", - деді жедел жәрдем қызметкерлері. Қарағанды облысында болған жол апатынан зардап шеккен екі жолаушының ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілгені хабарланды. Олар ес-түссіз жатыр, олардың бас сүйектері сынған, бас сүйегінің ашық жарақатын алған, аяғы мен жамбасы сынған.

Зардап шеккен жолаушылардың бірі Серік Жақаевтің туыстары жол апатын жасған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар, қыздың бұған дейін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети