Жол полициясының бұрынғы қызметкері адам өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ер адамның мәйіті Ростовка ауылының маңында су қоймасының жағасынан табылған еді.

30 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы Ростовка ауылының маңында жасанды су қоймасының жағалауынан 38 жастағы ер адам денесінде зорлық белгілері бар күйінде өлі табылған еді.
"Жедел-іздестіру шараларының барысында жедел қызмет өкілдері Теміртаудың 22 жастағы тұрғынын ұстады, ол Теміртау ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының бұрынғы сержанты", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр.