07 қаңтар 2020 14:05

Қарағанды облысында ер адам дүкен тонамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абайда бетперде киген ер адам дүкен тонамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Абайда бетперде киген ер адам дүкен тонамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, 6 қаңтарда 22:00 шамасында Қарағанды облысы Абай қаласындағы дүкендердің бірінде істейітні 27 жастағы сатушы бетперде киген белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, дүкен кассасынан ақша алмақ болған. 

Осы қылмысты ашу үшін Абай аудандық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылған. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін жақын маңдағы аулалар мен көшелер тексерілді. Патрульдік полиция взвод қызметкерлері көшенің бірін торуылдау кезінде 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан пышақ пен қара бетперде тәркіленді.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети