Қарағанды облысында есірткі сатқан әйел полицейлерге 330 мың теңге пара ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© mgorod.kz © mgorod.kz

Қарағанды облысында есірткі сатқан әйел полицейлерге 330 мың теңге пара ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында есірткі сатқан әйел полицейлерге 330 мың теңге пара ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатқаны үшін Қарағанды қаласының 46 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, одан 30 грамм героинді тәркіледі. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін есірткі өткізуші әйел полицейлерге 330 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынған.

"Осы дерек бойынша ақпаратты ЕБҚКБ қызметкерлері бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына берді. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстауға бағытталған бірлескен арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. 10 сәуірде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында әйел адамның ЕБҚКБ жедел қызметкеріне бұрын келісілген көлемде ақшаны беру фактісі тіркелді, содан кейін ол ұсталып уақытша ұстау изоляторына жабылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, есірткі сатқан әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оған бұл параның жиырма еселенген көлеміндегі айыппұл түрінде немесе мүлкін тәркілеумен бірге үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer