17 сәуір 2015 | 14:24

Қарағанды облысында жануарлар мүжіп тастаған екі ер адамды заңсыз риелторлар өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері екі адамның өліміне күдіктілерді құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері екі адамның өліміне күдіктілерді құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың айтуынша, ағайынды екеу Шет ауданындағы далалықта табылды. 

"Қарағанды облысының ІІД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш азамат анықталып, 15-ші сәуір күні күдіктілер Қарағанды қаласында ұсталды. 21 мен 22 жас аралығындағы ұсталғандар адам өлтіргендіктері туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Не үшін қылмыс жасағандары анықталып жатыр", - деп хабарлады Бақытжан Құдияров.

Дереккөздің мәліметінше, ағайынды екі ер адамды заңсыз риелторлар өлтірген. "Үш заңсыз риелтор олардың ата-аналарынан мұра ретінде қалған пәтерді олардың өлімінен кейін сатып жіберді. Сауданың заңсыз болғаны анықталдыү сату-сатып алу келісімшартының күшін жою туралы шаралар жүргізіліп жатыр. Пәтерді тартып алған үш ер адам ұсталды. Олар өз кінәларын мойындап жатыр. Олардың бұған дейін осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деді құқыққорғаушылар.

Еске салайық, 29-шы наурыз күні Шет ауданындағы жазықтардың бірінен денесінде жарақаттары бар екі адамның мәйіті табылған болатын. Олардың денесін күйік шалған және жануарлар талап тастаған.

Бұған дейін Маңғыстау облысында жануарлар мүжіп тастаған ер адамның денесі табылған еді. Оны Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 15 шақырым жерге малдарын жаюға шыққан малшылар тауып алды. Мәйіттің Баутино ауылының 50 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Мәйітті оның туған ағасы таныды. Оның бірнеше уақыт бұрын үйінен шығып, хабарсыз кеткенін белгілі болды. Өлімнің қалай болғаны туралы тұжырымдар қарастырылып жатыр, оның үсіп қалуы және қаңғыбас иттердің тобыры шабуыл жасауы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети