23 қараша 2022 | 11:04

Қарағанды ​​облысында қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құрмақ болғандардың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құрмақ болғандардың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылы Г.С. Нарымбетова жарнамалық қызметтер бойынша жеке кәсіпкер қызметі үшін бұрын жалға алынған кеңсе үй-жайын пайдалана отырып, қандай да бір кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмай, әртүрлі сылтаулармен тауарлардың бар екенін және Мемлекеттік сатып алуға қатысатыны туралы жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.

"С.Нарымбетова 2020 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде қаржы схемасын құрды, онда тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10 пайыздан 40 пайыз -ға дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан.

Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 миллион теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен, желілік маркетингпен және азаматтардың ақшалай қаражатын тартумен байланысты кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айырумен, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен кінәлі деп танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети