Қарағанды ​​облысында Қарттар үйінің қызметкерлері сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында Қарттар үйінің қызметкерлері сотталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысы Абай ауданында Қарттар үйінің директоры мен қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Айпталушылар қатарында пошта қызметкері де болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысы Абай ауданында Қарттар үйінің директоры мен қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Айпталушылар қатарында пошта қызметкері де болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай аудандық сотында екі әлеуметтік қызметкер мен Қарттар үйінің директорына, сондай-ақ пошташыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, әлеуметтік қызметкерлер қылмыстық келісімге келіп, өз бетінше қозғала алмайтын және ақшасын шеше алмайтын 24 зейнеткер мен мүгедектің зейнетақысын ұрлаған.

Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін олар ақша әкеліп тұратын "Қазпошта" қызметкерін тартқан. Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлықтағы қарттардың зейнетақысын алып, қағаздарға жалған қолтаңбалар қойған.

Кейін мемлекеттік мекеме директоры өз қызметкерлерінің заңсыз схемасын біліп қойған. Ол қоластындағылардың әрекетін тоқтатудың орнына, олармен тіл табысып, өз үлесін алуды ұйғарған.

Нәтижесінде Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі. Ұсталғаннан кейін заңсыз әрекетке қатысқандар кінәсін мойындаған.

Үш тұлғаға жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнатылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Мекеме басшысы ұрланған мүлкінің он еселенген мөлшерінде айыппұлмен құтылған. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети