1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қарағанды облысында қылмыстық топ 16 миллион теңге пайда тапқан 26 қазан 2020, 10:10

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне
Фото: politeka.net Фото: politeka.net

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топ 2 жылдан аса уақыт заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

"2018 жылғы қаңтар мен 2020 жылғы мамыр аралығында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Олар 16 миллион теңге көлемінде пайда тапқан. Жедел шаралар барысында заңсыз айналымдағы 200-ге жуық ойын жабдығы тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық топты Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтаған. Бүгінде бұл факт бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!