ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2020 | 10:03
Қарағанды облысында Land Cruiser-мен жүрген браконьер ұсталды
Қарағанды облысында Land Cruiser-мен жүрген браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында Land Cruiser-мен жүрген браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"13 қаңтарда Қарағанды облысы полиция департаментінің Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері жүргізген жедел-алдын алу шаралары барысында Toyota Land Cruiser көлігі анықталып, Қарағанды облысының 63 жастағы тұрғыны ұсталды", - делінген полицейлердің хабарламасында.
Полицейлердің мәліметінше, көліктен екі еліктің еті, қару және оқ табылған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындаған.
"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігі бойынша ("Заңсыз аңшылық") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") бойынша, басқа мәліметтерді жариялауға болмайды", - деді полицейлер.
Показать комментарии
Читайте также