15 қаңтар 2020 10:03

Қарағанды облысында Land Cruiser-мен жүрген браконьер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында Land Cruiser-мен жүрген браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында Land Cruiser-мен жүрген браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 қаңтарда Қарағанды облысы полиция департаментінің Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері жүргізген жедел-алдын алу шаралары барысында Toyota Land Cruiser көлігі анықталып, Қарағанды облысының 63 жастағы тұрғыны ұсталды", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Полицейлердің мәліметінше, көліктен екі еліктің еті, қару және оқ табылған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындаған.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігі бойынша ("Заңсыз аңшылық") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") бойынша, басқа мәліметтерді жариялауға болмайды", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети